Қазақ Отгонцэцэг моңғол Уранцэцэгтен қауіптенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ  Отгонцэцэг моңғол Уранцэцэгтен қауіптенеді

Қазақ Отгонцэцэг моңғол Уранцэцэгтен қауіптенеді

Моңғолияда туып-өскен 24 жастағы балуан Отгонцэцэг Галбадрах Рио олимпиадасына Қазақстан атынан қатыспақ. Дзюдошы қыз «бұл жарыста бұрынғы отандасым басты қарсыласым болады» дейді.

  • 23 Маусым 2016
  • 584
Фото - Caravan.kz

2015 жылы Қазақстан азаматтығын алған тегі моңғолиялық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах биыл Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін жазғы олимпиада ойындарына баруға дайындалып жүр.

Ол Қазақстанға келгенге дейін әйелдер арасында 48 килограмм салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 9-орында тұрған. Оның жерлесі Уранцэцэг Мөнхбат бұл тізімде 1-орында еді. Отгонцэцэг Моңғолия ішкі біріншілігінде өткен бірнеше кездесуде Уранцэцэгтен жеңіліп қалған. Олимпиадаға 48 килограмм салмақ дәрежесінде Моңғолияның атынан баруға Уранцэцэгтің мүмкіндігі артық болғандықтан Отгонцэцэг Қазақстанның шақыруын қабыл алған. Моңғолия дзюдо федерациясы да спортшының Қазақстан атынан жарыстарға қатысуына келісімін берген.

«Арманым олимпиадаға бару болды. Ата-анам Қазақстан азаматтығын алуыма қарсы болған жоқ, туысқандарым түсінді. Қазақстанға келгеніме өкінбеймін. Мені жылы қабылдаған Қазақстан жанкүйерлеріне алғысымды айтамын Қазір орысша үйреніп жүрмін, кейін қазақ тілін де үйренгім келеді», – дейді спортшы.

Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері Жәкен Саламатов Отгонцэцэгтің Қазақстан атынан халықаралық жарысқа қатысуы керек болғанын айтады.


Қазақстан дзюдо федерациясының өкілдері де Рио олимпиадасында Отгонцэцэгтен медаль күтетіндерін айтады. Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиада ойындарында медаль алып көрмеген.

Риоға дайындалып жатқан Отгонцэцэг 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға да Қазақстанның атынан қатысуды жоспарлап жүр.

Соңғы жаңалықтар