"Қазақ стилі - әлемнің ең үздігі". Әлімханұлы мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ стилі - әлемнің ең үздігі". Әлімханұлы мәлімдеме жасады

"Қазақ стилі - әлемнің ең үздігі". Әлімханұлы мәлімдеме жасады

 

  • 13 Қазан 2021
  • 33
Фото - Caravan.kz

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KO) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ға сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жек Top Rank промоутерлік компаниясы 5 қарашада Лас-Вегаста ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді.

"Мен өзгелерден ерекпін және мұны бәрі біледі. Менің стилім басқа. Қазақ стилі — әлемнің ең үздігі. 5 қарашада мұны көрсетемін", — деп жазды Жәнібек Twitter-де.

Әлімханұлы үшін бұл биылғы екінші жекпе-жек болады. Маусымда ол Лас-Вегаста әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңген еді


Соңғы жаңалықтар