"Қазақ стилі Мексика стиліне қарсы". Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ стилі Мексика стиліне қарсы". Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

"Қазақ стилі Мексика стиліне қарсы". Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті батыл мәлімдеме жасады.

  • 25 Желтоқсан 2020
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы ол екінші орта дивизионда WBA (Super) және WBC чемпионы Сауль "Канело" Альваресті (54-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шақырды,- деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz.-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшы Twitter желісіндегі парақшасында мексикалық жұлдызды оңай жеңетінін жазды.

"Егер "Канелоны" ешкім жеңе алмайды деп ойлсаңыздар, онда қатты қателесесіздер, онда бәріңіз ұйықтап жүрсіздер. Өтінемін, ояныңдар. Мен оны оңай сабаймын. 2021, QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық", — дейді боксшы.

Айта кетейік, Альварес 2021 жылы басқа қазақстандықпен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Таяуда Сауль Канело Альварес ұлыбританиялық Каллум Смитті жеңгеннен кейін рингте қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін
мәлімдеген
болатын. Альварес ешкімнен қашып жүрмегенін айтты.

Соңғы жаңалықтар