Қазақмыс ХІІІ Спартакиадасын өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақмыс ХІІІ Спартакиадасын өткізуде

Қазақмыс ХІІІ Спартакиадасын өткізуде

Бүгін Жезқазған қаласының спорт кешенінде Қазақстан Республикасы тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің ХІІІ Спартакиадасының ашылу салтанаты өткізілді.

  • 23 Маусым 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

Кәсіподақтардың қолдауымен елдегі ең ірі деген жеті кәсіпорынның құрама командалары бас қосады. 3 күннің ішінде 300 қызметкер спорттың 12 түрі бойынша өткізілетін жарыстарға қатыспақ. Жыл сайынғы спорт мерекелерін өткізудің мақсаты — салауатты өмір салтын танымал ете түсу және де өсіп келе жатқан ұрпаққа оның жағымды тұстарын паш ету болып табылады.

1993 жылдан бастап атаулы Спартакиада еліміздегі өнеркәсібі дамытылған қалаларда алма-кезек өткізіліп жүр. Қазақмыс тобының, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Нова-Цинк» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «ГМК Қазақалтын» АҚ, «Өркен» — Кентөбе» ЖШС және «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы, Ақсу ферроқорытпалар зауытының құрама командалары мини-футбол, волейбол, баскетбол, қол күрестіру, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, арқан тарту, отбасылық жарыстар, қазақша күрес пен шахмат жарыстарында тартысқа түседі. Қазақмыстың құрама командасы спорттың барлық түрі бойынша өтетін жарыстарға қатысады.

Жалпы командалық есепте ұтқан жеңімпаз-команда диплом алады, орталық кәсіподақ кеңесінің ауыспалы кубогын иеленеді және 300 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болады. Екінші және үшінші орындарды иеленгендер — жүлделер, дипломдар және тиісінше 200 мың және 100 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтар алады.

«Жезқазған аймағында салалық жарыстар алғаш рет өткізілуде, сондақтан да бізге ХІІІ Спартакиаданың басқарушысы болу көңілге ерекше жағымды. Жарыстарға қатысушыларға біз өзіміздің үздік спорт нысандарымызды ұсынамыз, олар: Олимпиадалық стандарттарға сай Спорт-сауықтыру кешені, «Ұлытау» және «Жастар» спорт сарайлары, «Металлург» стадионы, таэквондоның спорт орталығы мен бокс мектебі. Біз барлық атлеттерге шыншыл сайыс, сәттілік, әрі жеңіс тілейміз!» — деп қорытындылады «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы, Қазақмыс тобы Директорлар кеңесінің мүшесі Эдуард Огай мырза.

Соңғы жаңалықтар