Қазақстан боксшылары әлем чемпионатынан елге оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан боксшылары әлем чемпионатынан елге оралды

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатынан елге оралды

Германияның Гамбург қаласында өткен 2017 жылғы бокстан әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан командасы 4 қыркүйек күні таңда Астанаға келіп қонды, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 483
Фото - Caravan.kz

Біздің спортшылар 6 медаль олжалады. Жалғыз алтын медальды шымкенттік өрен Қайрат Ералиев еншіледі.

«Олимпиададан кейін бокс құрамасы 70 пайыз жаңарды. Сол себепті өте жақсы өнер көрсеттік, — дейді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов әлем біріншілігін қорытындылай. — Жұмыс істейтін тұстар да бар, бірақ біздің қосалқы құрам өте мықты. Токиоға кілең шыңдалған жігітерден жасақталған құраммен барамыз. Онда бір емес, екі-үш алтын медаль аламыз».

Қайрат Ералиевтің алтын медалінен басқа, Әбілхан Аманқұлов пен Қамшыбек Қоңқабаев екі күміс еншіледі. Ал Васалий Левит, Жомарт Ержан және Абылайхан Жүсіповтер қоланы қанағат тұтты. 


 

Соңғы жаңалықтар