Жарияланды: 440

Қазақстан футболына арналған бірінші ақпараттық портал таныстырылды

Қазақстан футболына арналған бірінші ақпараттық портал таныстырылды

Бүгін Астанада Қазақстан футболына арналған бірінші отандық ақпараттық порталдың (kazfootball.kz) таныстырылымы өтті.

Айта кетейік, «KazFootball.kz» порталы коммерциялық емес жоба болып табылады. Бұл порталға қазақстандық фубол туралы барша ақпарат жинақталып, көпшілік назарына ұсынылмақ. Яғни онда балалар мен жасөспірімдер футболынан бастап, ұлттық құрамалардың ойындары жайында толық ақпарат қамтылатын болады. Сонымен қатар порталда футбол мамандарының талдамалары, фактілер мен көрсеткіштер беріледі.

«Бұл портал Қазақстан футболы жайында ақпараттармен бөлісетін алаң болып отыр. Біз тек еліміздің футболы жайында ғана жазамыз. Атап айтқанда, порталда өзге елдердегі чемпионаттар туралы мәліметтер қамтылмайды. Тек біздің отандық клубтарымыз немесе құрамаларымыз шетелдік халықаралық турнирлерге қатысқан жағдайда ғана осы ойындар туралы кеңінен ақпарат береміз»,-дейді портал өкілдері.

Осы салтанатты шараға танымал футбол қайраткерлері мен Қазақстан футболының белгілі ойыншылары және еліміздің эстрада жұлдыздары қатысты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін