Қазақстан футзал бойынша әлем чемпионатында Коста-Риканы тізе бүктірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан футзал бойынша әлем чемпионатында Коста-Риканы тізе бүктірді

Қазақстан футзал бойынша әлем чемпионатында Коста-Риканы тізе бүктірді

Колумбияда өтіп жатқан футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионатының екінші матчында Е тобындағы Қазақстан құрамасы Коста-Риканы 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлады Sports.kz.

  • 16 Қыркүйек 2016
  • 347
Фото - Caravan.kz

Қазақстан құрамасы: Игита, Лео, Довгань, Першин, Дуглас — Гуров, Кнауб, Нұрғожин, Гребонос, Пенгрин, Сүлейменов, Есенаманов, Таку, Мун.

Ойынның алғашқы минутында Дуглас қарсыластарының қақпасына гол салды, ал 15-ші минутта Алехандро Паньягуа есепті теңестірді. Ойын аяғында Павел Таку тағы бір гол авторы атанды. Ойынның екінші жартысы басталғанда қазақстандықтар айып добын орындады, Дуглас допты Леоға берді, ал Лео өкшесімен допты қақпаға дәл кіргізді — 1:3.

19 қыркүйек күні Астана уақытымен 03:00-де Қазақстан мен Соломон аралдарының кездесуі өтеді. «Қазақстан» телеарнасында тікелей трансляция жүреді.


Коста-Рика — Қазақстан 1:3 (1:2)

Голдар: Дуглас 1 (0:1), Паньягуа 15 (1:1), Таку 16 (1:2), Лео 21 (1:3).

Соңғы жаңалықтар