Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов Twitter сайтындағы блогында: «Республикалық бюджет комиссиясының 21-ші отырысында Туризм және спорт министрлігінің бюджеттік өтініші қаралды. Министрлік 2012 жылғы жазғы олимпиадада 28-ші, 2014 жылғы қысқы олимпиадада 23-ші орын аламыз деп үміттенеді», — деп жазды.