Қазақстан мен Аргентина командаларының теннисшілер құрамы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Аргентина командаларының теннисшілер құрамы анықталды

Қазақстан мен Аргентина командаларының теннисшілер құрамы анықталды

Шілденің 7-9-ы күндері Буэнос-Айрес қаласында өтетін Дэвис кубогының ширек финалдық матчында ойнайтын Қазақстан мен Аргентина құрама командаларының құрамы анықталды.

  • 29 Маусым 2011
  • 494
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен, Қазақстан құрамасы сапында Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Юрий Щукин және Евгений Королев өнер көрсетеді. Ал Аргентина атынан Хуан Игнасио Чела, Хуан Мартин Дель Потро, Давид Налбандян және Хуан Монако жарыс алаңына шығады.

Қазіргі уақытта еліміздің құрамасы Аргентинаға ұшып кетті. Онда олар дайындық жаттығуларын өткізеді. Матчтар 14 мың көрермен сиятын Parque Roca стадионында өтеді.

Дэвис кубогы үшін Аргентина-Қазақстан ¼ финалдық матчы Буэнос-Айресте: 7 шілдеде — жекелей екі ойын; 8 шілдеде — жұппен бір ойын; 9 шілдеде — жекелей екі ойын өтеді.

Айта кетейік, аталған Кубок рейтингісінде Қазақстан 12 орында болса, Аргентина әлемдегі үздік командалардың бестігін қорытындылап тұр. Дегенмен, еліміздің құрамасы бұған дейін аталған рейтингте 4 орында тұрған Чехия командасын 3:2 есебімен ұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар