Жарияланды: 680

Қазақстан палуандары қатысқан жарыста жаппай төбелес болды

Қазақстан палуандары қатысқан жарыста жаппай төбелес болды

Краснодар өлкесінде еркін күрестен өткен турнирде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Краснодарда еркін күрестен Бесик Кудуховты еске алуға арналған турнир кезінде жаппай төбелес болды. Төбелеске спортшылар, бапкерлер және көрермендер де араласқан. Төбелес диктордың жанкүйерлерді сабырға шақырғанынан кейін ғана тоқтаған.

Бұл жарысқа Қазақстан мен Ресейден 200-ден астам спортшы қатысты.

Бесик Кудухов еркін күрестен әлемнің төрт дүркін чемпионы, Лондон, мен Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері. Ол 2013 жылы желтоқсан айында жол апатынан қайтыс болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін