Қазақстан қоржынына Универсиаданың тағы бір медалі түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қоржынына Универсиаданың тағы бір медалі түсті

Қазақстан қоржынына Универсиаданың тағы бір медалі түсті

Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында ауыр атлет Рүстем Сыбай күміс жүлдені еншіледі, – деп хабарлайды Qsport.kz порт

  • 24 Тамыз 2017
  • 454
Фото - Caravan.kz

Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында ауыр атлет Рүстем Сыбай күміс жүлдені еншіледі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

94 келіде өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлет қоссайыстың нәтижесі бойынша 383 келіні (170+212) еңсеріп, жарысты екінші орынмен аяқтады. 383 келіні бағындырған (168+215) ресейлік спортшы Егор Климонов Рүстемнің алдын орап қана қоймай, Универсиада рекордын жаңартты. Ал қола жүлдені тайландтық Сарат Сумпрадит 381 келімен (167+214) жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Тайбэйде өтіп жатқан Универсиада ойындарында Альберт Линдер, Айдар Қазов және Денис Уланов сынды қазақстандық ауыр атлеттер чемпион атанған болатын.


Соңғы жаңалықтар