Жарияланды: 370

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 7 орынға жоғары көтерілді

2012жылғы 7 қарашада жаңартылған ФИФА-ның футболдан ұлттық құрамалар рейтингісінде Қазақстан құрамасы 7 орынға жоғары көтеріліп, 140-шы орынды иеленді. Жаңа рейтинг Халықаралық футбол қауымдастығының ресми сайтында (www.fifa.com) жарияланды.

Өткен айда біздің команда 147-ші орында болған еді. Көш басында Әлем және Еуропа чемпиондары Испания құрамасы, екінші - Германия, ал Аргентина үшінші орында. ФИФА рейтингісі бойынша әлемнің үздік 10 құрамасы: 1 (1). Испания - 1564. 2 (2). Германия - 1421. 3 (4). Аргентина - 1349. 4 (3). Португалия - 1178. 5 (8). Италия - 1169. 6 (5). Англия - 1167. 7 (6). Нидерланды - 1128. 8 (9). Колумбия - 1110. 9 (12). Ресей - 1084. 10 (11) Хорватия 1078 Бір қызығы футбол десе ішкен асын жерге қоятын Бразилия құрамасы тағы да ондыққа ене алған жоқ. Пеле отандастары 13-ші орында келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін