Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 7 орынға жоғары көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 7 орынға жоғары көтерілді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 7 орынға жоғары көтерілді

2012жылғы 7 қарашада жаңартылған ФИФА-ның футболдан ұлттық құрамалар рейтингісінде Қазақстан құрамасы 7 орынға жоғары көтеріліп, 140-шы орынды иеленді. Жаңа рейтинг Халықаралық футбол қауымдастығының ресми сайтында (www.fifa.com) жарияланды.

  • 8 Қараша 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

Өткен айда біздің команда 147-ші орында болған еді.

Көш басында Әлем және Еуропа чемпиондары Испания құрамасы, екінші — Германия, ал Аргентина үшінші орында. ФИФА рейтингісі бойынша әлемнің үздік 10 құрамасы:

1 (1). Испания — 1564.
2 (2). Германия — 1421.
3 (4). Аргентина — 1349.
4 (3). Португалия — 1178.
5 (8). Италия — 1169.
6 (5). Англия — 1167.
7 (6). Нидерланды — 1128.
8 (9). Колумбия — 1110.
9 (12). Ресей — 1084.
10 (11) Хорватия 1078

Бір қызығы футбол десе ішкен асын жерге қоятын Бразилия құрамасы тағы да ондыққа ене алған жоқ. Пеле отандастары 13-ші орында келеді.

Соңғы жаңалықтар