Жарияланды: 350

Қазақстан құрамасы мини-футболдан полицейлер арасында өткен әлем біріншілігінде күміс жүлде иеленді

ҚР ІІМ құрамасы минис-футболдан Голландияда полицейлер арасында өткен отызыншы Әлем чемпионатында екінші орын иеленді.

ІІМ баспасөз қызметінің дүйсенбідегі хабарламасына қарағанда, жарысқа әлемнің 64 елінен келген 185 команда қатысқан. Дода қазанның 8-і мен 14-і аралығында Айберген және Грунло қалаларында өтті. Қазақстанның атынан өнер көрсеткен ОҚО ІІД құрамасы Кипр, Анкара, Ыстамбұл, Франция командаларын жеңіп шыққан. «Ақтық сайыста Санкт-Петербург командасынан жеңілген құрамамыз екінші орынға тұрақтап, полицейлер арасында өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанып қайтты», - делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін