Жарияланды: 690

Қазақстан құрамасы Қытайда өтетін XXVI Дүниежүзілік универсиадаға қатысады

12-23 тамыз аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында XXVI Дүниежүзілік универсиада өтеді. Дүниежүзілік студенттер ойындарының ашылу рәсіміне 21 күн қалды. Бұл туралы бүгін Бейжіңде Универсиаданың ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Хао Пин мәлім етті.

Қытай шенеунігінің айтуынша, Универсиада аясында сондай-ақ Студенттер спорты халықаралық федерациясы (FISU)Ұйымдастыру комитетінің съезі өтіп, онда комитеттің жаңа құрамы сайланады. Бұл съезге FISU ұйымына мүше 153 елдің атынан 300-ге жуық делегация қатысқалы отыр. Шэньчжэнь универсиадасының аясында сондай-ақ, Университет ректорларының дүниежүзілік форумы ұйымдастырылады. Естеріңізге сала кетейік, Универсиадаға Қазақстан құрамасы да қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін