Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Гранаткин Мемориалының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Гранаткин Мемориалының финалына шықты

Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Гранаткин Мемориалының финалына шықты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Гранаткин Мемориалының финалына жолдама алды.

  • 19 Қаңтар 2017
  • 432
Фото - Caravan.kz

Жарыстың жартылай финалында Александр Кузнецовтың командасы Грекия құрамасымен күш сынасты. Тартысты өрбіген ойында жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан сапында Айдос Орал дубль жасаса, гректерде Цоварас көзге түсті. Айта кетер жайт, бір тайм бойы отандастарымыз бір ойыншыға кем ойнады. Матчтың 42-ші минутында Пайруз алаңнан қуылған болатын.

Енді финалда Қазақстан құрамасы Ресей — «Зенит» жұбының жеңімпазымен кездеседі.


Гранаткин мемориалы — 2017. 1/2 финал

Қазақстан U-18 — Грекия U-18 — 2:1

Голдар: Орал 18, 49 — Цоварас 57

Алаңнан қуылды: Пайруз 42

Соңғы жаңалықтар