Қазақстан құрамасын төмендетіп жіберген Бородюкке қызметінен босатылғаны жөнінде хабарлама келді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасын төмендетіп жіберген Бородюкке қызметінен босатылғаны жөнінде хабарлама келді

Қазақстан құрамасын төмендетіп жіберген Бородюкке қызметінен босатылғаны жөнінде хабарлама келді

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк жуық арада қызметінен босатылады.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 685
Фото - Caravan.kz

Prosports тілшісіне белгілі болғандай, ҚФФ ресейлік маманға қызметінен босатылғаны жөнінде хабарлама жіберген. Әзірге бұл туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Александр Бородюктың қол астында Қазақстан құрамасы тарихындағы ең нашар нәтиже көрсетті. Бородюктың қол астында Қазақстан құрамасы жеті ойын өткізген. Оның алтауында жеңіліс тапса, біреуінде тең түскен.

Ал FIFA-ның жылдық рейтингісінде Қазақстан құрамасы 97 орыннан 137-ші сатыға төмендеді.

Айта кетейік, ҚФФ бас хатшысы Қаныш Әубәкіров қызметінен кеткеннен соң Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Александр Бородюк орнын босатады деген сыбыс шыққан. Себебі ресейлік маманды Қазақстанға Қаныш Әубәкіров шақырған еді. 55-жастағы ресейлік маман футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін осы жылдың 27 ақпан айынан бері ұстап келеді.


Соңғы жаңалықтар