Қазақстан құрамасының ойыншысы Марк Гурман Түркияның «Самсунспор» командасына ауыспақ
![]() |
Қазақстан құрамасының ойыншысы Марк Гурман түріктің бірінші лигасындағы «Самсунспор» командасымен келісім шартқа отыруға жақын, деп хабарлайды «Аламан» порталы. |
23 жастағы Марк Гурман «Астана» командасының меншігіндегі ойыншы болғанымен, «Қайрат» командасына жалға берілген.
«Самсунспор» Түркия чемпионатының бірінші дивизионында 17 орында тұрған команда. Бұл команда өз тарихында Түркия чемпионатының екі рет қола жүлдесін иеленген.
Бұл командада- Ильхан Мансыз, Тюмер Метин, Георгий Кикнадзе, Георгий Челидзе, Йордан Петков және Уилсон Орума сынды атақты ойыншылар ойнаған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін