Қазақстан Ресеймен өткен ойында есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ресеймен өткен ойында есе жіберді

Қазақстан Ресеймен өткен ойында есе жіберді

 

  • 10 Қыркүйек 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz


Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде Ресейден жеңілді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Калининградта өткен I тобының алтыншы айналымында 1:0 есебімен алаң иелері басым түсті. Ойын басталғанда Қазақстан құрамасының сапында Бауыржан Исламхан болмады, ол алаңға 651-ші минутта шықты. Бірінші тайм тең аяқталды. Ойынның 63-ші минутында Ресей құрамасында бірден үш адам ауысты. Қазақстан құрамасы дереу контршабуылға көшті, алайда қақпашыға айтарлықтай қауіп төндіре алмады. Ойын соңында (89-шы минутта) Ресей құрамасында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық Марио Фернандес өз командасына жеңіс алып келді. Айта кетейік, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Кипр футболшыларымен тең ойнады. Ойын Никосия қаласында өтті және есеп 1:1 болды. Келесі ойындарды Қазақстан құрамасы өз алаңында өткізеді: 10 қазанда Кипр құрамасы, 13-нде Бельгия. Қарашада Сан-Марино мен Шотландияға қарсы ойындар бар.
 

Соңғы жаңалықтар