Қазақстан шахматшылары Ресейде білім алатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шахматшылары Ресейде білім алатын болды

Қазақстан шахматшылары Ресейде білім алатын болды

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-танымдық қор шахматты дамыту бағдарламасы аясында екі қазақстандық жас спортшыға Мәскеуде төрт жыл білімін жетілдіруге грант бөлді.

Ж?

  • 20 Қыркүйек 2016
  • 654
Фото - Caravan.kz

Жас мамандар шахмат саласы бойынша Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінде білім алатын болды. Аталған ЖОО-ға Қазақстан тарапынан 5 адам өтінім жібергенімен, тек екеуі: 18 жастағы ОҚО тұрғыны Асылжан Ережепов пен Астана қаласының 17 жастағы тұрғыны, спорт шеберлігіне үміткер Ақжан Шопанов қана білім ордасы талаптарын еңсере алған.

«Олар Мәскеуде бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алады. Бұл — пилоттық жоба. Мұны Қазақстан мектептеріне шахматты пән ретінде енгізу үшін жасап отырған алғашқы қадам деуге болады. Болашақта біз еліміздегі ЖОО-ларына «шахмат жаттықтырушысы» мамандығын оқытуды ендіргіміз келеді. Айта кетейік, Қор екі студентке ай сайын стипендия бөліп, Ресей мен Қазақстан арасында 4 жыл бойы ұшақпен ұшу құнын төлейді. Алайда, шәкіртақы олардың сабақ үлгеріміне қарай төленеді. Олар 1 қыркүйектен бастап сабаққа кірісіп кетті. Оқуды тәмамдаған соң, Асылжан мен Ақжан Қазақстанға қайтып шахматтан жаттықтырушы болады. Болашақта біздің спортшыларымыздың кәсіби шыңдалуына өз үлесін қосады деп сенеміз», — деді аталған қордың атқарушы директоры Айғаным Малишова.

Аталмыш қор жаттықтырушыларды оқыту бағдарламасын жалғастырмақ.


«Ш.Есенов атындағы қор жаттықтырушыларды оқыту бағдарламасын жалғастыруды жоспарлап отыр. Біз үміткерлерді молырақ тарту үшін іріктеуді биыл қараша айында жарияламақпыз. Толығырақ ақпаратты yessenovfoundation.org сайтынан алуға болады», — деді қордың қоғаммен байланыс бөлімі маманы Роман Райфельд.

null 

null  

#Қазақстан #шахматшы
Соңғы жаңалықтар