Жарияланды: 470

Қазақстан спортшылары мотокростан Ташкентте өткен жарыста жүлделі орындарға ие болды

Қазақстан спортшылары Өзбекстан астанасында Тәуелсіздік кубогы үшін мотокростан өткен жарыстың жүлделі орындарына ие болды.

«УзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлағандай, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жарысқа Ташкент қаласынан және Қазақстанның қалалары мен аудандарынан барлығы отыздан астам спортшы қатысқан. Мотоцикл жарысында ересектер арасында ташкенттік спорт шебері Александр Кондрашов бірінші орынды жеңіп алды, Қазақстан намысын қорғаған Николай Климакин екінші орынды иеленді, тағы бір ташкенттік спортшы Евгений Львов үшінші орынды місе тұтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін