Қазақстан теннисін дамыту үшін 60 млн доллардан астам жеке қаржымды салдым - Өтемұратов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан теннисін дамыту үшін 60 млн доллардан астам жеке қаржымды салдым - Өтемұратов

Қазақстан теннисін дамыту үшін 60 млн доллардан астам жеке қаржымды салдым - Өтемұратов

ҚР Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов елімізде теннисті дамыту үшін 60 миллион доллардан астам жеке қаржысын жұмсаған.

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 816
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зарина Диасты 21 жасына дейін біз қаржыландырып, миллионнан астам доллар жұмсадық. Зарина өзі бұзып-жарып шықты, деп жатады. 14 жасында қарамағыма алдым және оны дамытуға жеке өзімнің милллионнан астам долларым шығындалды. Иығына ота жасағанда да мен қаржыландырдым. Қазір өзі де табыс табады», — деді ол.

Сонымен қатар ол Қазақстан құрамасы бүгінде әлемдік топта өнер көрсететіндігін, Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы аясында іс басындағы чемпион Аргентина құрамасын жеңгендігін атап өтіп, легионер теннисшілерге өз қалтасынан қаржы төлеп келгендігін айтты.

«Легионерлер де менің есебімнен қаржыландырылды. Осы жылдардың ішінде теннисті дамытуға 60 миллионнан астам доллар салдым. Соңғы 4 жылда 30 пайыз бюджет қаржысы да салынуда. Ал қалған 70 пайызы жеке инвестиция», — деді Өтемұратов.


Теннис федерациясының президенті Александр Недовесов, Ярослав Шведов, Андрей Голубев, Михаил Кукушкин сынды теннисшілер Қазақстанға келгеннен кейін шеберліктерін шыңдап, халықаралық жарыстарға топ жарғандығын атап өтті.

«Біз оларға рахмет айтуымыз керек. Оларға Қазақстан ұнайды. Олардың әрқайсысының жанкүйерлері бар. Олар менің балаларым сияқты. Мен барлық теннисшілерді қадағалап отырамын, менің бақылауымда тұр. Біз барлығын да қаржыландырамыз», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар