Жарияланды: 30

Қазақстан жастар құрамасы хоккейден жастар арасында әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан жастар құрамасы хоккейден жастар арасында әлем чемпионатына қатысады

 

Венгрияның Будапешт қаласында IA дивизионында шайбалы хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Оған қазақстандық жастар құрамасы қатысады, деп хабарлайды Кazinform.

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдама үшін 10 және 16 желтоқсан аралығында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен кездеседі.

Турнирге дайындық аясында хоккейшілер 28 қарашадан бастап «Барыс Аренада» оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Бүгін, 3 желтоқсанда құрама Будапештке оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңіне аттанады. Онда 5 және 7 желтоқсан күндері Венгрия және Франциямен екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 5 және 7 желтоқсанға жоспарланған.

Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Владимир Никитин (Chilliwack Chiefs, BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор», МХЛ), Артем Шестаков («Снежные барсы», МХЛ)

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Роман Большедворский, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (барлығы – «Снежные Барсы», МХЛ), Дмитрий Бреус («Чайка», МХЛ), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Диар Манаш, Даниал Шақшақбаев («Номад», Pro Ligasy)

Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанали Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (барлығы – «Снежные Барсы», МХЛ), Александр Ким, Дәулет Нүркенов (екеуі - Assat, Финляндия), Всеволод Логвин, Руслан Оспанов (екеуі – «Барыс»).

Қазақстан жастар құрамасының ойын кестесі:

10.11.2023, 21:00. Венгрия – Қазақстан

11.12.2023, 21:00. Қазақстан – Дания

13.12.2023, 17:30. Қазақстан – Франция

14.12.2023, 17:30. Қазақстан – Япония

17.12.2023, 00:30. Австрия – Қазақстан

Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.

Еске салсақ, биыл шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін