Қазақстан-Албания матчы: қазақстандық футболшының голы таңғалдырды - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Албания матчы: қазақстандық футболшының голы таңғалдырды - видео

Қазақстан-Албания матчы: қазақстандық футболшының голы таңғалдырды - видео

Албаниямен матч қорытындысы бойынша ұлттық құрама жеңіліп, топтағы бірінші орынды иелену мүмкіндігіне айырылды

  • 16 Қараша 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz

 Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бесінші турындағы матчта Албаниянан ұтылды. Есеп 1:3.

Бұл туралы Caravan.kz порталы sputnik.kz-ке  сілтеме жасап хабарлады.

Алаңға ең мықты деген спортшылар шықты. Алайда матч жағымсыз рекордтан басталды. Небәрі 10-шы секундта Олжас Керімжанов сары қағаз алды. Бұл Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жылдам берілген ескерту қағазы.

Бірер минуттан соң албаниялықтар екі рет гол соқты. Соколь Чикалеши мен Адриан Исмайли — 2:0 көзге түсті.

Бұдан соң алаң ортасынан Айбол Әбікен қарсылас қақпасы доп бағыттап, есеп 2:1 болды. "Қайраттың" жартылай қорғаушысы үшін бұл құрама сапындағы алғашқы гол.

Үзілістен соң 60-шы минутта Марочкин өзінің айып алаңында ереже бұзып, пенальти белгіленді. Оны Рей Манай сәтті орындады. Есеп — 3:1.


Келесі шабуылда Қазақстан үшін жақсы мүмкіндік туындады. Бірақ құрама капитаны Сүйімбаев бос қақпаға гол соға алмай қалды.

Бұл ойыннан соң Қазақстан топта бірінші орынды иелене алмайды, төрт ұпаймен төртінші орында тұр. Ал Албания сегіз ұпай жинады.

Михал Билектің ойыншылары 18 қарашада Алматыда Литва құрамасын қабылдайды. Дәл осы күні Албания Беларусьпен кездеседі.

 

Соңғы жаңалықтар