Қазақстандық 7 спортшы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық 7 спортшы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық 7 спортшы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық 7 спортшы бокстан жастар арасындағы «Астана – 2011» әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Жарыс елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында өтуде, деп Қазақстан бокс федерациясынан хабарлады.

  • 27 Шiлде 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

25 шілдеде рингке шыққан 6 боксшымыздың 4-еуі жаңді. 48 кг салмақ категориясындағы Заңғар Темірхан Доминикан Республикасынан келген Родригес Севериноны жеңді. 70 кг салмақта Дәулет Байқуатов Германиялық Норберт Шульхты жеңді.

Мезгілінен бұрын 2-ші раундта ұрыс Дәуітбек Қайыргелдінің (63 кг) пайдасына тоқтатылды, ал 80 кг салмақ категориясында бірінші раундтан соң-ақ Тілек Қозбақовқа қарсы келген Босния және Герцоговиналық Нодир Колп рингтен шығып қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ширек финалға Олжас Қалаубек (46 г), Бегжан Кібітқалиев (54 кг) және Аян Қалибеков (60 кг) шыққан болатын.

Бұрын хабарланғандай, Астанада 23 шілдеде бокстан жастар арасындағы әлем чемпинаты бастау алды. Оған 380 спортшы қатысуда. Әлем чемпионатының финалы 30 шілдеде өтеді.

Соңғы жаңалықтар