Қазақстандық Алексей Полторанин «Тур де Ски» кезеңін жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Алексей Полторанин «Тур де Ски» кезеңін жеңіп алды

Қазақстандық Алексей Полторанин «Тур де Ски» кезеңін жеңіп алды

Әлем кубогының жетінші кезеңі аясында Италияда өтіп жатқан «Тур де Ски» көпкүндігінің бесінші кезеңінде қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.

  • 5 Қаңтар 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

5 шақырымға созылған спринттік сайыста ол 12 минут, 37,9 секунд көрсеткішпен мәреге бірінші болып келді. Жерлесімізден 8 секунд кешігіп жеткен норвегиялық Петтер Нортуг екінші болса, үздік үштікке Швейцариядан келген Дарио Колонья енді.

Алексей Тоблахтағы бүгінгі жеңісінен соң жалпы есепте 6-ншы орынға көтерілді.

Ал әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық Марина Матросова 5-інші кезеңде 39-ыншы болып келсе, Виктория Ланчакова 43-інші, Елена Коломина 44-інші, Оксана Яцкая 46-ншы, Татьяна Осипова 51-інші болып мәре сызығын кесті.