Қазақстандық арна Геннадий Головкин ресми түрде "миллиардтық жобамен" келісімге отырғанын хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық арна Геннадий Головкин ресми түрде "миллиардтық жобамен" келісімге отырғанын хабарлады

Қазақстандық арна Геннадий Головкин ресми түрде "миллиардтық жобамен" келісімге отырғанын хабарлады

 

  • 31 Қаңтар 2019
  • 63
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық QazSport арнасы Геннадий Головкин ресми түрде DAZN стримингтік қызметімен келісімшартқа отырғанын жариялады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин DAZN стримингтік платформасымен келісімшартқа отырды", -делінген хабарламада.

сонымен қатар, арнаның ресми сайтында келесідей хабар жарияланған: Отандасымыздың жекпе-жектерін көрсетуге үш телеарна қызығушылық танытқан болатын. Оның бірі белігілі промоутер Эдди Хирннің DAZN арнасы болса, қалған екеуі ESPN арнасы және Эл Хэймонның Premier Boxing Champions жобасы еді. Көрсетілген мәлеметтерге сүйенсек PBC жобасының экс-чемпионға ұсынған талаптары қаржылай жағынан ұтымды болғанымен бұл келісім Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің өту ықтималдығын азайтатын еді.

Ал мексикалық Сауль Альварес DAZN-мен жұмыс жасайды. Эдди Хирннің айтуынша Головкин жаңа телесеріктестің жоспарыларына сәйкес алғашқы жекпе-жегін көктемде өткізіп, екінші бокс кешін мексикалыққа қарсы өткізу керек болады.

DAZN-мен екі жекпе-жек үшін жасалған келісім-шартқа сәйкес Геннадий Головкин кем дегенде 10 миллион доллар табыс табады.

Соңғы жаңалықтар