Қазақстандық ауыр атлет Алла Важенина Бейжің олимпиадасының алтын медалін алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық ауыр атлет Алла Важенина Бейжің олимпиадасының алтын медалін алмақ

Қазақстандық ауыр атлет Алла Важенина Бейжің олимпиадасының алтын медалін алмақ

Қазақстандық ауыр атлет Алла Важенина 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының алтын медальін алмақ.

  • 24 Қараша 2016
  • 1514
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Важенина Бейжің олимпиадасында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, күміс жүлдегер атанған еді. Ал алтынды қытайлық Цао Лэй иеленсе, қола ресейлік Надежда Евстюхинаға бұйырған.

20161123210624

Тамыз айында Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Цао Лэй тапсырған допинг-сынамадан тыйым салынған препарат табылғанын жариялаған еді. Жақын арада ХОК қытайлық спортшының алтын жүлдесін қайтарып алады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, кеше 23 қараша күні қазақстандық ауыр атлет Ильия Ильиннің 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарында алған алтын жүлдесін кері қайтарған еді. Кейіннен Илья Ильин енді кәсіби мансабын аяқтайтынын хабарлап, баспасөз жиынын өткізді. Қазақстандық ауыр атлет те допинг пайдаланды деп күдікке ілініп отыр.


Бұған дейін ХОК Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зулфия Чиншанлоның да олимпиадалық алтын жүлделерін тартып алған. Тиісінше, тағы бір қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешовтың да Лондон олимпиадасындағы көрсеткішінің күші жойылды.

Сондай-ақ, қазақстандық грек-рим күрес шебері Нұрбақыт Теңізбаев та араға 8 жыл салып, Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері “атанды”.

Соңғы жаңалықтар