Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Универсиададан екінші алтын медалін жеңіп алды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Универсиададан екінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Универсиададан екінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская қысқы Универсиада-2017 ойындарында 12,5 шақырым қашықтыққа масс-старт жарысынан екінші алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Вишневская төрт нысананың біреуінен ғана мүлт кетіп, қашықтықты 36:15.4 минутта жүріп өтті. Күміс медаль украин спортшысы Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, қола медальді ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық Елизавета Бельченко (+1:27.0) үш рет мүлт кетіп, төртінші орын алып қалды. Одан кейін тағы бір отандасыммыз Дарья Усанова (+2:10.9) келді. Ол алты рет мүлт кетті.

  • 7 Ақпан 2017
  • 417
Фото - Caravan.kz


Осылайша, Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін алып отыр. Бұған дейін ол 7,5 шақырым қашықтықта жеңімпаз атанған еді.

 

Соңғы жаңалықтар