Эдмонтондағы (Канада) бокс кеші аясында Ахмедов бірінші раундта мексикалық Элиуд Мелендес Рочуді (14-11-2, 7 КО) нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Садриддиннің BoxRec рейтингінде 17 орынға көтерілуіне мүмкіндік берді — енді ол өз дивизионында 162-орынды иеленді. Бірінші орта салмақта оның отандасы Мадияр Ашкеев (10-0, 6 КО; 107-орын) пен Нұрсұлтан Жанғабаев (5-0, 4 КО; 138-орын) Ахмедовтен жоғары орында тұр.