Жарияланды: 480

Қазақстандық боксшылар Джакартада өткен халықаралық турнирде екі медаль олжалады

Қазақстандық боксшылар Джакартада өткен халықаралық турнирде екі медаль олжалады, деп хабарлады Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Индонезияда бокстан ел Президентінің кубогы үшін өткен халықаралық турнирге үш қазақстандық спортшы - бокстан облыстық құрама командалардың өкілдері қатысты. Олар - Қанат Тұрғанбаев (52 келі), Елдос Сайдалин (60 келі), Думан Сүлейменов (64 келі). Қазақстандықтар алыс Джакартадан екі медаль қанжығалап қайтты. Қанат Тұрғанбаев - күміс, Елдос Сайдалин қола медаль жеңіп алды. Турнирге әлемнің 28 елінен спортшылар қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін