Қазақстандық Дмитрий Гааг Ресей триатлоншыларын жаттықтырады
Триатлоннан әлем кубогының иегері, Азия ойындарының чемпионы, Сидней олимпиадасында төртінші орын алған Дмитрий Гааг үлкен спорттан биыл қол үзген болатын. Қазір қазақстандық спортшы Ресей асып, осы елде шәкірт тәрбиелеуде. Бұл туралы Proспорт басылымына сілтеме жасаған «Аламан» ұлттық спорт порталы хабарлайды. |
Қазақстандық спортшы қазір Санкт-Петербор қаласының командасын жаттықтырады. Оның қол астында Александра Разаренова (Лондон олимпиадасына қатысқан Еуропа чемпионы), Андрей Ляцкий сынды белді спортшылар бар.
P.S. Қазақстанда ақсап тұрған триатлонды тірілтуге Гааг мүдделі еді. Бірақ ол Ресей елінде чемпиондар тәрбиелеуді жөн санапты. Өкінішті...
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін