Жарияланды: 50

Қазақстандық ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды

Қазақстандық ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды

 

Беделді Transfermarkt порталы қазақстандық футболшылардың трансферлік бағасын жаңартты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz медиа-порталы  Vesti.kz.- ға сілтеме жасап

Ең қымбат отандық футболшы Бауыржан Исламхан болды. "Қайраттың" экс-капитаны 600 мың еуроға қымбаттаған, қазір оның құны - 3 миллион еуро. Екінші және үшінші орындарға Дмитрий Шомко мен Роман Муртазаев бөлісті, "Астананың" қорғаушысы мен оның бұрынғы клубтасы трансферлік нарықта 2,5 миллион еуро тұрады. Ресейлік "Ростовтың" жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов алтыншы орында тұр, ал голландиялық "Хераклестің" хавбегі Александр Меркель 14-сатыда. Қазақстандық қымбат 15 футболшының үшеуі қазір еркін агент: Исламханмен бірге жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат та "Қайраттан" кеткен, ал Муртазаев "Астанамен" қоштасқан болатын. Ең қымбат қазақстандық футболшылар: 1. Бауыржан Исламхан - 3 миллион еуро (2018 жылмен салыстырғанда бағасы +600 тысяч еуроға артқан); 2-3. Дмитрий Шомко ("Астана") - 2,5 миллион (-); 2-3. Роман Муртазаев - 2,5 миллион (-); 4. Исламбек Қуат - 2 миллион (+200 мың); 5. Дмитрий Непогодов ("Ордабасы") - 1,8 миллион (+300 мың); 6-7. Бахтиер Зайнутдинов ("Ростов", Ресей) - 1,7 миллион (+500 мың); 6-7. Стас Покатилов ("Қайрат") - 1,7 миллион (+300 мың); 8. Ғафуржан Сүйімбаев ("Қайрат") - 1,6 миллион (+200 мың); 9-12. Сергей Малый ("Ордабасы") - 1,5 миллион (+300 мың); 9-12. Абзал Бейсебеков ("Астана") - 1,5 миллион (+200 мың); 9-12. Алексей Щеткин ("Ордабасы") - 1,5 миллион (-300 мың); 9-12. Георгий Жуков ("Висла" Краков, Польша) - 1,5 миллион (+300 мың); 13. Айбол Әбикен ("Қайрат") - 1,3 миллион (+500 мың); 14. Александр Меркель ("Хераклес", Голландия) - 1,25 миллион (-); 15. Юрий Перцух ("Астана") - 1,2 миллион (+200 мың еуро).
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін