Қазақстандық фристайлшы Ю.Галышева Австриядағы Әлем кубогының кезеңінде жетінші болды - kaz.caravan.kz
  • $ 525.87
  • 614.37
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық фристайлшы Ю.Галышева Австриядағы Әлем кубогының кезеңінде жетінші болды

Қазақстандық фристайлшы Ю.Галышева Австриядағы Әлем кубогының кезеңінде жетінші болды

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Австралияның Крайшбергінде өткен Әлем кубогының жетінші кезеңінде

  • 23 Желтоқсан 2012
  • 294
Фото - Caravan.kz

жұпты могулде жетінші орынды иеленді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

20 жастағы қазақстандық ширек финалдық кезеңге дейін жетті, нәтижесінде жетінші болды. Екінші қазақстандық спортшы Дария Рыбалова 28-інші орында. Жарыс жеңімпазы — американдық Хизер Макфай, ол отандасы Хайди Клозерден сәл басым түсті. Үшінші болып канадалық спортшы қыз Жюстин Дюфур-Лапойнт келді.

Ерлер арасындағы жұпты могулде жеңімпаз американдық Брайан Уилсон болды, екінші орын — канадалық Александр Билодоға, үшінші оның отандасы Майкл Кингсбериге бұйырды. Қазақстандық спортшылар Дмитрий Рейхард — 18-інші, Дмитрий Бармашов 23-інші келді.