Жарияланды: 630

Қазақстандық Геннадий Головкин бокстан чемпиондық атақтарын үшінші рет қорғайды

Қазақстандық Геннадий Головкин бокстан чемпиондық атақтарын үшінші рет қорғайды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 19 қаңтар күні орта салмақтағы Бүкіәлемдік бокс қауымдастығының (WBO) Әлем және Халықаралық бокс ұйымының (IBO) чемпионы 31 жасар қазақстандық Геннадий Головкин үшінші рет өз атақтарын қорғайды.

Оның бұл жолғы қарсыласы американдық Габриэль Росада болмақ. 27 жасар бұл боксшы бұған дейін 26 кездесу өткізіп, оның 21-інде (13-ін нокаутпен) жеңіске жетіп, 5 рет (біреуінде нокаутпен) жеңіліс тапқан болатын. 2010 жылдың 9 желтоқсанынан бастап 7 жекпе-жекте жеңіске жеткен ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы 13 қаңтарда Филадельфияда бастаған еді. Оның ең соңғы жеңілісі 2010 жылдың 30 шілдесінде Филадельфияда болды. Супер-жартылай орта салмақтағы USBA чемпионы атағы үшін Дерек Энниспен болған кездесуде жеңіліс тапқан ол, 2011 жылы 26 ақпанда Жамаал Дависті ұтып, NABA чемпоны, 9 қыркүйекте бос тұрған USA Пенсильвания штаты чемпионы, ал 2012 жылдың 1 маусымында бос тұрған WBO-ның құрлықаралық чемпионы атанған еді. Алайда өз атағын бірде-бір қорғамаған ол соңғы кездесуін 2012 жылы 21 қыркүйекте Шарлес Уиттакермен (Charles Whittaker) өткізіп, Әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алды. 1983 жылы 8 сәуірде Қарағандыда өмірге келген Геннадий Головкин болса бұған дейін кәсіпқой бокс рингінде 24 кездесу өткізіп, бәрінде (21-ін нокатпен) жеңіске жеткен болатын. Алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы 6 мамырда Германияда өткізген ол Габор Болохты нокаутпен ұтқан еді. 16 кездесуден кейін 2009 жылы 7 қарашада Жохн Андерсон Карвалхоны ұтып, бос тұрған WBO-ның құрлықаралық чемпионы атанған Геннадий 1 кездесуден кейін 2010 жылы 14 тамызда Милтон Нунезді жеңіп WBO-ның Әлем чемпионы белбеуін иеленді. 2010 жылы 2 рет Әлем чемпионы атағын сәтті қорғаған соң, 2011 жылы 9 желтоқсанда Лажуан Симонның (Lajuan Simon) ІВО чемпионы атағын тартып алған соң, WBO-ның Әлем чемпионы және ІВО чемпионы атақтарын қорғауда 2012 жылы 12 мамырда Украинада Макото Фушигамиді, 1 қыркүйекте АҚШ-та Грзегорс Проксаны техникалық нокатпен жеңіп шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін