Жарияланды: 430

Қазақстандық Ирина Некрасова Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ауыр атлетикашысы Ирина Некрасова Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ол 63 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Ол алтын медаль алған Солтүстік Кореялық бақталасынан тек 1 кг ғана қалып қойған. Жұлқи көтеруде қазақстандық спортшы бірінші болған. Ал кезек итере көтеруге келгенде жол беріп қойды. Нәтижесінде ол екінші орын иеленді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі. И. Некрасова 1988 жылы дүниеге келген. 2007 жылғы әлем чемпионатында сегізінші орынды қанағат тұтқан. Бұл медаль Қазақстан спортшыларының Пекин Олимпиадасында алған алғашқы жүлдесі болып табылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть