Қазақстандық конькишілер әлем кубогі кезеңін үш жүлдемен бастады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 447.89
  • 476.78
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық конькишілер әлем кубогі кезеңін үш жүлдемен бастады

Қазақстандық конькишілер әлем кубогі кезеңін үш жүлдемен бастады

Италияның Базельга-ди-Пине қаласында конькимен жүгіруден жастар арасында әлем кубогі кезеңінің алғашқы кезеңі өтіп жатыр. 
 

  • 9 Қаңтар
  • 21
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, жарыстың бірінші күні нео-сеньор дивизионында (21 жасқа дейінгілер арасында) мың метрге жарыста Инесса Шумекова қола жүлдеге ие болды.

И.Шумекова қашықтықты 1:21.08 секундта жүгіріп өтіп, тағы бір ұлттық құрама спортшысы Арина Ильященкодан озып кетті.

Мұнда Серена Пергер (Италия) алтыннан алқа тақса, Фрэн Ванхутт (Бельгия) күміс медальді жеңіп алды.

Ал жастар арасындағы командалық сында еліміздің əйелдер құрамасы күміс медальға қол жеткізді.

Əпкелі-сіңлілі Кристина жəне Алина Шумекова, Мария Деген үштігі тек Нидерланд спортшыларына жол берді.

Сосын нео-сеньор дивизионында Қазақстан əйелдер құрамасы 2-сатыдан көрінді. Мұнда жарыс жолына Маргарита Артемьева, Арина Ильященко мен Алена Лифатова шықты.

Бүгін конькимен жүгірушілер қалған қашықтықта (500 метр, 1500 метр мен масс-стартта) жүлдеге таласады.

Жалпы, алғашқы кезеңге 26 мемлекеттен 165 спортшы жиналды. Ең көп делегация Польша (15 спортшы) мен Оңтүстік Кореяда (14 спортшы).

Соңғы жаңалықтар