Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Д. Тен әлемдік Гран-При сынында төртінші орында келеді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Канадада өтіп жатқан әлемдік Гран-При сынында бақ сынап жатыр. |
Қысқа бағдарламадан кейін Тен төртінші орында.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша испандық Хавиер Эрнандес көш басында. Екінші-үшінші орынды Патрик Чан (Канада) мен Нобунари Ода бөлісуде. Одан кейінгі сатыға біздің Денис Тен жайғасқан. Теннен кейінгі орындарда Флорент Амадио (Франция), Эллади Балде (Канада), Артур Гашинский (Ресей), Такахито Муро (Жапония) тұр. Ал еркін бағдарлама 28 қазанға жоспарланған, деп хабарлайды «Аламан» сайты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін