Қазақстандық оқушы қыз шахматтан әлем чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық оқушы қыз шахматтан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушы қыз шахматтан әлем чемпионы атанды

Қазақстанның екі спортшы қызы Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали шахматтан өткен әлем чемпионатынан алтын және күміс жүлдемен оралды.

Оқушылар арасындағы шахматтан әлем чемпионаты Румынияның Яссы қаласында өтті. Оған әлемнің 45 елінен келген 570 спортшы қатысқан, олардың арасында 33 қазақстандық бар. Тоғыз турдың қорытындысы бойынша 15 жастағы Әсел Серікбай 8,5 ұпай жинап бірінші орынды иеленсе, 13 жастағы Назерке Нұрғали 7,5 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

  • 16 Мамыр 2017
  • 447
Фото - Caravan.kz

"Еңбексіз жетістікке жету мүмкін емес. Спортшы қыздарымыздың жеңісі — еңбекқорлық пен патриотизмнің, күш-жігердің тамаша үлгісі. Әсел, Назерке, сендердің осы жеңістерің мыңдаған ұл-қыздарымыздың шахмат ойынына деген қызығушылығын оятады деп сенемін", — деп Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қыздарды құттықтады.

 

Соңғы жаңалықтар