«Австрияда жоғары санаттағы еуропалық күнтізбенің дәстүрлі веложарысы «Аустрия Туры» аяқталды. Бас классификацияда «Pro Team Astana» командасының шабандозы швед Фредрик Кессяакофф жеңіске жетті», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Бас классификациядағы жеңісінен бұрын Ф.Кессяакофф 7-ші кезеңде лидердің сары жейдесін киіп, осы жайт оны шабыттандырғанын айтқан болатын. «Менің атам дүниеге келген Венаға тезірек жетуді тағатсыздана күтіп жүрмін», — деген болатын ол.