Қазақстандық қос дзюдошы Астанадағы әлем чемпионатының алғашқы күнінде жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық қос дзюдошы Астанадағы әлем чемпионатының алғашқы күнінде жеңіске жетті

Қазақстандық қос дзюдошы Астанадағы әлем чемпионатының алғашқы күнінде жеңіске жетті

60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов дзюдо бойынша әлем чемпионатының бірінші күнінде жеңіске жетті, деп хабарлады sports.kz.

  • 24 Тамыз 2015
  • 496
Фото - Caravan.kz

Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық Елдос Сметов пен Финляндия өкілі Юхо Рейнвал бәсекелесті. Алғашқы минуттан-ақ екі палуан шабуылдан бастады, алайда соңғы минутта қазақстандық спортшы жеңіске жетті. 
Әлем чемпионатындағы бірінші кездесуін қазақстандық Рустам Ибраев та сәтті өткізді. Ол қарсыласы болгариялық Янислав Герчевтен басым түсті.


Бүгін елордалық «Алау» мұз сарайында дзюдо бойынша чемпионат басталды. Жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша ерлер және әйелдер арасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар