Қазақстандық сарбаз ғаламшардың үздік спортшысы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық сарбаз ғаламшардың үздік спортшысы атанды

Қазақстандық сарбаз ғаламшардың үздік спортшысы атанды

Дүниежүзілік таэквондо федерациясы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының қатысушысы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Мамаевты ғаламшардың үздік спортшысы екенін жария етті. 

  • 21 Қазан 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бұл мәртебе қазақстандық спортшы жауынгерге Манчестердегі (Ұлыбритания) таэквондодан (WTA Grand Prix) әлемдік Гран-при кезеңінде сәтті өнер көрсетуден кейін берілді. 58 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Мамаев испандық Жезус Тортос Кабреромен айқаста жеңіске жетіп, әлемнің 30 мықты таэквондошысы арасындағы абсолюттік чемпион атанды.   

 «Қазір Нұрсұлтан өрлеу үстінде. Ол ірі әлемдік турнирлерде бірнеше мәрте жеңістерімен өзінің шеберлігін растай отырып, қарқынды түрде жоғары өрлеуде. Соңғы уақыттың ішінде қатарынан бірнеше рейтингтік сайыстарды жеңіп алды. Қазіргі кезде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия алуға бірден-бір үміткер болып табылады», — деп атап өтті таэквондодан команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны Әнуар Үсенов.  

  Нұрсұлтан Мамаев 2010 жылғы жазғы жасөспірімдердің Олимпиялық ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылғы лондондық Олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014), жазғы Универсиада және  VI Дүниежүзілік армия ойындарының жеңімпазы (2015), бірнеше дүркін жеңімпаз және халықаралық рейтингтік турнирлердің жүлдегері.  Ол ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының дарынды спортшыларының бірі. Оған отандық әскери спортты дамытуда ерекше үміт артылып отыр, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.