Қазақстандық шахматшылар Әлем кубогының іріктеу ойынына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шахматшылар Әлем кубогының іріктеу ойынына қатысты

Қазақстандық шахматшылар Әлем кубогының іріктеу ойынына қатысты

Өзбекстан елордасында ерлер арасында шахматтан Әлем кубогының Орталық Азия елдерінің арасындағы аймақтық іріктеу кезеңінің бірінші туры және әйелдер арасындағы біріншілік өтуде.

  • 10 Маусым 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

«ӨзА» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, алғашқы екі бірінші орынды алған спортшылар әлем кубогының финалдық кезеңіне шығады, ал әйелдер арасындағы жарыстың жеңімпазы әлем біріншілігіне жолдама алады.

Ерлер арасында өткен бірінші турдың жекпе-жегінде өзбек гроссмейстері Марат Жұмаев қазақстандық Бақыт Теміровтен басым түсті. Сондай-ақ бірінші турда Қазақстан өкілдері Нұртас Қажғалиев, Кирилл Кудиренко, Әлібек Егембергенов, Берік Оқкөзов жеңіске жетті.

Өзбекстандық спортшы Сарвиноз Құрбонбоева қазақстандық спортшы Мәдина Дәулетбаевамен тең ойнады.

Соңғы жаңалықтар