Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында спорттық гимнастикадан қола жүлдені иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында спорттық гимнастикадан қола жүлдені иеленді

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында спорттық гимнастикадан қола жүлдені иеленді

Қазақстандық спортшы Әзизбек Құдратоллаев 31 шілде-2 тамыз аралығында Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия чемпионатында спорттық гимнастика жарысында қола жүлдеге қол жеткізді.

  • 5 Тамыз 2015
  • 495
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жарысқа Азияның жеті елінен келген атлеттер қатысқан.

Гимнаст Әзизбек Құдратоллаев шығыршықтағы жаттығулардан ақтық кезеңге шығып, құрлық біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды. Қазақстан командасы жалпыкомандалық 5-орыннан көрінді.

Әзизбек Құдратоллаев — Шымкент қаласының тумасы, спорттық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2015 жылы Кореяның Кванджу қаласындағы 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың финалисі, 2015 жылғы әлем кубогы кезеңінің (Любляна қаласы, Словения) күміс жүлдегері. 


null

Соңғы жаңалықтар