Жарияланды: 460

Қазақстандық спортшылар пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында 6 алтын, 3 күміс пен 2 қол медаль иеленді

Қазақстандық спортшылар пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында 6 алтын, 3 күміс пен 2 қол медаль иеленді

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен пауэрлифтингтен Әлем чемпионатына қатысқан қазақстандық бес спортшы 6 алтын, 3 күміс және 2 қол медаль иеленді.

Осылайша мұхиттың ар жағына ел сенімін артып барған спортшыларымыздың ешқайсысы да жүлдесіз оралған жоқ. Атап айтқанда, Сергей Рубцов 3 «алтын», Ерлан Әлкеев 3 «алтын» және 1 «күміс» еншіледі. Бұл ретте айта кетерлігі, Ерлан осы жарыс барысында екі мәрте орта салмақтағы үздік спортшы атанды. Ал Алексей Писаревский 1 күміс пен 1 қола, Рамиз Мирзаев пен Елизавета Мирзаева қола медальді қанжығасына байлады. Осы сайыстарда жалпы командалық есептегі бірінші орынға ресей мен американдық атлеттер таласатын болады. Олардың әрқайсысының құрамында шамамен 100-ге жуық спортшы бар. Қазақстан спортшыларының мұндай жетістігіне таңданысын жасырмаған Әлемдік пауэрлифтинг конгресінің президенті Майк Суини осы жарыстарда төрелік жасап, барынша әділдік танытқан Қазақстан пауэрлифтинг федерациясының басшысы Максим Беспаевқа зор алғысын білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін