Қазақстандық спортшылар жағажай волейболынан кезеңдік «Үлкен дулыға» жарысына қатысады
Жағажай волейболынан 7-11 маусым күндері Қытайдың Бейжің қаласында кезеңдік «Үлкен дулыға» жарысы өтеді. |
Онда ел намысын ерлер арасында Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко қорғайды. Қазір олар Денис Ровкиннің жетекшілігімен Италияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Әлемнің рейтингтегі үздік 56 жұп қатысатын бұл дүбірлі додада әйелдер арасында ұлттық құраманың үздігі Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова да бақ сынамақ. Олар бұл байрақты бәсекеге биыл алғаш рет қатысқалы отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін