Жарияланды: 440

Қазақстандық су добы шеберлері Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында 15-25 қараша күндері аралығында су спорты түрлерінен ІХ Азия чемпионаты өтті.

Онда Қазақстан құрамасы су добынан ерлер арасында да, әйелдер арасында да күміс жүлдегер атанды. Енді олар қытайлықтармен бірге 2013 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады. Жалпы биылғы Азия чемпионатында су добынан ерлер арасында - 9, әйелдер арасында 7 команда қатысқан болатын. Онда Алан Балфанбаев баптайтын әйелдер құрамасы да ақтық сында биыл Олимпиада ойындарында бесінші, ал 2011 жылғы Әлем чемпинатында күміс жүлде алған қытайлықтардан 8:13 есебімен ұтылды. Ал Сергей Дроздов жаттықтыратын жігіттер ақтық сындағы негізгі ойын уақытында 8:8 есебімен тең түсіп, қарсыластарына пенальтиден ғана ұтылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін