Қазақстандық теннисші «Челенджер» сериясындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші «Челенджер» сериясындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші «Челенджер» сериясындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Германияның Марбург қаласында жүлде қоры 30 мың еуроны құрайтын «Челенджер» сериясындағы халықаралық турнир өтіп жатыр.

  • 24 Маусым 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz


Онда қазақстандық Юрий Щукин жекелей сында ширек финалға шықты. Ол алғашқы айналымда жарыс қожайыны Джулиан Ленцті 6:2, 7:5 есебімен ұтқан болатын. Екінші айналымда француз Винсент Миллоттан ( 6:3, 6:4) басым түсті. Ширек финалда Юрий енді испандық Альбер Рамос пен серб Илья Божович арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеспек. Қазақстандық теннисші екінші айналымда Халықаралық кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) рейтингінде ұпай қорын 6 ұпайға ұлғайтып, 530 еуро көлеміндегі жүлде алуға мүмкіндік алды. Енді Турнир жеңімпазының есімі 26-маусымда белгілі болады. Қазір Юрий Щукин АТР рейтингінде 140-шы, Альбер Рамос 100-ші, Илья Божович 195-ші сатыда тұр. Жалпы бұл дүбірлі доданың жеңімпазы 26-маусымда белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар