Жарияланды: 460

Қазақстандық теннисші "Internazionali Femminili di Palermo" турнирінің ақтық сындарына шықты

Қазақстандық теннисші Италияда өтіп жатқан "Internazionali Femminili di Palermo" халықаралық дәрежелік турнирінің ақтық сындарына шықты.

Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) 4-ші халықаралық турнирлер сериясының 4-ші дәрежелі бұл жарысының жүлде қоры 220 мың долларды құрайды. Сайыстың негізгі кестесінде жекелей сында 32, жұптық сында 16 жұп бақ сынаған болатын. Қазақстандық Сесиль Каратанчева алғашқы айналымда венгриялық Ванду Лукашты 6:3, 6:4 есебімен, ал екінші айналымда франциялық Софи Лефеврді 6:0, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Оның келесі қарсыласы енді испандық Аррубаррена - Векино Лара (Arruabarrena-Vecino) болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін