Жарияланды: 400

Қазақстандық теннисші “ UniCredit Czech Open” турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Ұлттық рейтингте үздік үштікті түйіндеп тұрған астаналық теннисші Юрий Щукин Челленджер сериясының Чехияның Простежов қаласында өтіп жатқан "UniCredit Czech Open" турнирінің жартылай финалына шықты.

Жүлде қоры 100,6 мың евроны құрайтын бұл байрақты бәсекеде Юрийдің командалас серігі Евгений Королев Италия спортшысы Флавио Киполлаға есе жіберді. АТР рейтингінде 159 сатыда тұрған Юрий Шукин ширек финалда 13-орында тұрған Ресей теннисшісі Михайл Южныйдан басым түскен болатын. Қазақстан теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда Ю. Шукиннің ендігі қарсыласы өзінен 102 сатыға алда келе жатқан чех Радек Штепанек болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін